Бүгін «AMANAT» партиясының белсенділері мен «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері Астанада қалалық сенбілікке қатысты.
«AMANAT» партиясы «Таза Қазақстан» науқанына белсенді қатысуда
557
оқылды

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық науқаны аясында өтті. Мұндағы мақсат – аумақтарды абаттандыру және тазарту.

Сенбілікке Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов қатысты. Партиялықтар Әл-Фараби даңғылы бойындағы учаскеге қарағай, қайың, жөке ағашы және сағызқарағайдың 120 көшетін отырғызды.

«Таза Қазақстан» науқанына «AMANAT»-тың 4 мыңға жуық белсендісі мен «Жастар рухының» волонтерлері алғашқы күннен-ақ қосылып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың үйлерін ретке келтіруге көмектесуде. Әркез еліміздің барлық өңіріндегі партиялықтар саябақтарды, скверлерді, аулаларды, тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді тазалайды. Сондай-ақ сенбілікке шығып, ағаш егеді және өзге де іс-шараларды ұйымдастырады.

Жалпы, партиялықтар ел аумағында 55 мыңнан астам ағаш отырғызды.