Жылыой ауданы орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахмановтың айтуынша, тасқын кезінде өмірге келген нәрестелердің 20-сы ер бала, 22-сі қыз бала.
Төтенше жағдай жарияланғалы бері Жылыой ауданында 42 сәби дүниеге келген
1,341
оқылды

Тасқын жағдайында эвакуация  жариялануына байланысты сәбилердің арасында Атырау қаласында, Маңғыстау облысында дүниеге келгендері де бар, - деп жазады Aikyn.kz.

«5 сәуірден бастап өмірге келген  сәбилердің арасында  егіз нәресте де бар. 26 сәуір күнгі мәлімет бойынша, Жылыой аудандық ауруханасында босанудан кейінгі бөлімшеде 8 жас ана жатыр. Нәрестелердің де, аналарының да жағдайы қалыпты», - деді Жылыой ауданы орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.

Жылыой ауданы бойынша бүгінгі таңда 1073 әйел адам жүктілігі бойынша есепте тұр. 

Еске сала кетсек, 18 сәуір күні сағат 19.00-ден бастап, Жылыой аудандық ауруханасы науқастарды қайта қабылдай бастаған болатын. 

Баян ЖАНҰЗАҚОВА, Атырау облысы