Өнер иесі "Мамский әңгіме" бағдарламасына қонақ, жан сырын бөлісті.
Қазір басым бос: Танымал актриса өзіне қандай жігіттер ұнайтынын айтты
9,669
оқылды

Актриса Бақытгүл Серікбаева басы бос екенін айтып, өзіне қандай жігіттер ұнайтынын жеткізді, – деп жазады Aikyn.kz.

"Ең бастысы, арамыздағы сыйластық, бір-бірімізді түсіне білу, екі адамның сана биігінде тоғысуы. Оның жағдайы, көлігі, үйі, жұмысы маңызды емес. Тең-теңімен деген нәрсе бар ғой. Саған кездесетін адам – сенің айнаң. Сол үшін өзімді дамытуға, мінезіммен жұмыс істеуге тырысамын. Болашақта мынадай жарым болса деп ойлаймын. Бірақ мен оған қаншалықты лайықпын? Болашақ жарыммен ішкі жан-дүниемнің сай келуі маңызды. Бұйырған адам өзі келеді. Қазір басым бос. "Өзім үшін бала босанып аламын" деген нәрсеге қарсымын. Әркімнің өз түсінігі бар ғой. Меніңше, ол – өзімшілдік. "Қартайғанда мен жалғыз қалмайын" деп босанып алады. Бірақ бала ше? Оның болашағын ойланбайды. Дұрыс емес деп есептеймін. Өмір болған соң, өлім де бар. Мүмкін балаң кішкентай кезінде өмірден өтіп кететін шығарсың? Ары қарай балаң кіммен қалады? Бұл нәрсеге түбегейлі қарсымын", – деді актриса.