Биыл түркология ғылымы үшін олжалы жыл болды. Олай дейтіні­міз – жақында даңқты қолбасшы, баһадүр Күлтегін мен Білге қаған­ның әкесі Елтеріс Құтлық қағанға арналған бітіктастың екінші бөлігі та­былды. Мұндай маңызды жаңалық түркологияның дамуына ай­рық­ша серпін берері сөзсіз.
Құнды жәдігердің жаңа бөлігі табылды
1,758
оқылды

Моңғолияның Ұланбатыр қаласында Түркі академиясы және Моңғолия Ғы­лым академиясы Археология инсти­ту­ты­ның бірлесіп ұйымдастыруымен «Ном­ғон-2» ғұрыптық кешенінен табылған бітік­тастың төменгі бөлігі таныстырылды.

Ұланбатыр қаласындағы Шыңғысхан мұ­ражайында өткен ғылыми іс-шараға Түркі академиясының президенті Шаһин Мұс­тафаев, Моңғолия Ғылым акаде­мия­сы­ның президенті Дүгэрийн Рэгдэл, Қа­зақстанның Моңғолиядағы елшісі Ғабит Қой­шыбаев, Түркияның Моңғолиядағы елшілігінің уақытша сенімді өкілі Али Саид Серденгечти, сонымен қатар дипло­ма­тиялық миссия өкілдері, институт­тар­дың басшылары және өзге де танымал ға­лымдар қатысты.

Айта кету керек, археологтер Елтеріс Құт­лық қағанға тиесілі деп болжап отыр­ған бітіктастың жоғарғы бөлігі алдыңғы жы­лы осы кешендегі қазба жұмыстары ке­зінде табылған болатын. Оның екінші бө­лігін іздеуге қатысқан ғалымдардың мә­лімдеуінше, бітіктастың жаңадан та­был­ған төменгі бөлігінде көне қытай ті­лін­де мәтін бары анықталған. Ескерт­кіш­тің біршама бүлінгені байқалады. Ға­лым­дар бітіктастағы жазуларды оқып, зерттеу жұ­мыстарын жүргізуде. 

Осы алқапта Түркі академиясы жүр­гіз­ген археологиялық қазба жұмыстары ба­ры­сында 2019, 2022, 2023 жылдары мал­­дас құрып отырған қағаннның бәдіз тас­мүсіні мен мүсіннің бас бөлігі табылған болатын. Сонымен қатар, бауырында екі ала­ны бейнеленген арыстан тас мүсіні жә­не 5 бәдіз тас мүсіннің сынық бөл­шек­тері анықталған.

Түркі академиясы мен Моңғолия Ғы­лым академиясы Археология институты болашақта Номғон жазығының тоғызын­шы ғұрыптық кешенінде археологиялық қаз­ба жұмыстарын жалғастыруды жос­пар­лап отыр.