ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны жөніндегі ақпарат әлеуметтік желіде таралды.
Бұрынғы Ішкі істер министрі Тұрғымбаевтың ұсталғаны рас па?
978
оқылды

Бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және Антикор Tengrinews.kz сауалына жауап бермеді. Алайда редакцияның дереккөздері бұрынғы жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерінің ұсталғанын растаған.

Бұған дейін Бас прокуратура Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевты және полиция органдарының басқа да басшыларын қылмыстық қудалау туралы түрлі Telegram арналарда таратылған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

19 наурыздан бері БАҚ беттері мен Telegram арналар Ішкі істер министрін басқарған Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жарыса жаза бастаған болатын. Іс қаңтар оқиғасына қатысты екені айтылды.

Бас прокуратура мәліметінше, 2022 жылдың басынан бастап Бас прокуратура қаңтар оқиғалары кезеңінде құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етпеуге, сондай-ақ азаматтарға азаптауды қолдануға байланысты күш органдарының қызметкерлеріне қатысты тергеп-тексерулерді әлі де жалғастырып жатыр. Оларды жасағаны үшін соттармен облыстық полиция және ұлттық қауіпсіздік органдарының бірқатар басшылары мен қызметкерлері сотталған.

Бас прокуратураның 20 наурыздағы мәліметі бойынша, жүргізіліп жатқан тергеп-тексерулер барысында Ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан да жауап алынған. Осылайша, Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпаратты теріске шығарғандай болды.