Бұл туралы өңірлік ТЖ жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Атырауда жағалауды нығайту жұмыстары 97 пайызға аяқталды
637
оқылды

Атырау облыстық ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, 30 сәуірдегі жағдай бойынша жоспарланған 250,8 шақырым бөгеттің 243,6 шақырым қорғаныс бөгеттері салынып біткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ресми мәліметке сәйкес, жағалауды нығайту жұмыстарына 444 техника, 809 ұйым қызметкері және 1 774 ерікті жұмылдырылды.

Еріктілер қатарында бөгеттерді тұрғызуға Бегалы Меңдіғалиев та қатысты. Егде тартқан жасына қарамастан, ақсақал қапшықтарды құммен толтырып, бөгет нығайту жұмыстарына атсалысты.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, олар еріктілермен бірге күніне 6 000-ға жуық қапты дайындап, бөгет нығайтуда.