Әкімдік: елордада 100 мың ағаш пен 6 млн гүлзар отырғызылады
Әкімдік: елордада 100 мың ағаш пен 6 млн гүлзар отырғызылады
© Сурет ғаламтордан
340
оқылды
Нұр-Сұлтанның ландшафтық дизайнын жақсарту бойынша ерекше флористикалық шешімдер қолдану арқылы жұмыстар жүргізілуде. 2020 жылы елордада гүлзарлар саны 6 млн-ға дейін жетеді, көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар қалыпқа келтіріледі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің сайты. "Астана-Зеленстрой" және "Жасыл жер" ЖШС жылыжайларында қазірдің өзінде 4,5 млн-нан астам гүлзар өсірілді. "Барлық тұқымдар стандарттарға сәйкестікке зертханалық зерттеулерден өтуде", - деді қала әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев. Ол сондай-ақ "Астана – Зеленстрой" орман тәлімбағында болды. Мұнда 350 га жерде 300 мыңнан астам ағаш пен бұтаның 60 түрі өсіріледі. "100 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Астананың ландшафтық дизайнын жақсарту бірегей флористикалық шешімдер қолдану арқылы жұмыс жүргізілуде", - деді қала әкімінің орынбасары. Өткен жылы елордада 8,6 млн гүл мен 14 мың ағаш отырғызуды жоспарлаған болатын.