Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парағында құттықтау жазды.
Мәулен Әшімбаев: Елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр отбасына шаттық пен қуаныш тілеймін!
1,444
оқылды

Құрметті достар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – татулық пен достықты дәріптейтін, бейбітшілік пен келісімді нығайтатын және ырыс пен ынтымақты арттыратын мереке. Халқымыз қашанда осы құндылықтарға табан тіреп, қандай жағдай болса да мызғымас бірліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. Биыл алапат су тасқыны кезінде оған тағы бір мәрте көз жеткіздік.

Шын мәнінде, жұдырықтай жұмыла білген жұрттың алар асуы биік болады. Сондықтан Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде бірлік пен ынтымақ мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін баса айтты. Бұл ретте бүгінгі мейрамның мәні мен маңызы айрықша зор екені анық.

Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық, әр отбасына шаттық пен қуаныш тілеймін!

Бірлігіміз жарасып, берекеміз арта берсін!