1 мамыр сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, су тасқынынан зардап шеккен 41 005 адам өз үйіне оралды.
Су тасқынынан кейін  41 005 адам өз үйіне оралды
564
оқылды

6 405 адам эвакуациялау пункттерінде әлі қалып отыр. 

ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріптің айтуынша, Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

"Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғастырылуда. Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды", – деді ол.

Сондай-ақ ол Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына көмекке барған Төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына оралып жатқанын нақтылады.