Су тасқынына байланысты Павлодар облысында түлектердің мектеп бітіру кеші өтпейтін болды.
Павлодарда түлектердің мектеп бітіру кеші өтпейтін болды
1,112
оқылды

Биыл өңір бойынша 4322 түлек мектеп қабырғасымен қоштасады. Қауіпсіздік және емтихандарға сапалы дайындық мақсатында 9-11-сынып түлектеріне ақша жинауға, салтанатты іс-шараларға, банкеттерге және автокөліктермен қыдыруға рұқсат етілмейді. Бұл туралы Aikyn.kz агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық білім беру басқармасы қалыптасқан жағдайды және ата-аналар қауымдастығы тарапынан түскен ұсыныстарды ескере отырып, 2024 жылғы 25 мамырда оқу жылының аяқталуымен барлық еліміздің мектептерінде бірыңғай сынып сағатын өткізу туралы шешім қабылданғанын мәлім етті.

– Биыл өңір бойынша 4322 түлек аяқтайды, – деді басқармада. –  Дәстүр бойынша бірыңғай сынып сағаты аясында сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылдың қорытындысын шығарады. Мектеп түлектеріне аттестаттар тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгі» белгілерімен марапаттау барлық мектеп емтихандары аяқталғаннан кейін 12-15 маусым аралығында өтеді.

Сондай-ақ, бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаты 24 мамыр, яғни сенбі күні өткізіледі. Онда сынып жетекшілері оқушылармен бірге өткен жылдың қорытындысын шығарады.