Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі сотқа жолдады
Фото: khabar.kz
3,862
оқылды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Г.Сатыбалды мен басқа да адамдарға қатысты кәсіпкерді заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және ауыр зардаптарға әкеп соққан заңсыз әрекеттер бойынша тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ресми ақпаратқа сәйкес, қазір процеске қатысушылар қылмыстық іс материалдарымен танысуды аяқтады.

Алматы қаласы тергеу сотының санкциясымен Г. Сатыбалдыға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. 

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына жолданды.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

«Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», – делінген хабарламада.