Тұрғындар эвакуациядан бас тартып, уақытша туыстарының үйіне орналастырылды.
Шығыс Қазақстанның Алтай ауданында бірнеше үйді су басты
745
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 5 тұрғын үй мен 24 үй маңындағы учаскелерді су басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жауын-шашын әсерінен Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі көтерілді. 

«Жағдай аймақ құтқарушыларының бақылауында. Аэровизуалды ұшу жүргізілуде.

Семей, Өскемен қалаларынан келген ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 бөлімінің әскери қызметшілері алдын алу жұмыстарын жүргізу үшін елді мекенге кетті. Қазіргі уақытта су бұру үшін арнайы техника тартылды», – делінген хабарламада.

Тұрғындар эвакуациядан бас тартып, уақытша туыстарының үйіне орналастырылды. Ауылдық мектепте сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.