Әкім қала тұрғындарына жылу қосылмайтынын айтты.
Астанада жылу қайта қосыла ма? – Қала әкімі жауап берді
Фото: pexels.com
1,331
оқылды

Астанада жылу беру маусымы аяқталды, бірақ күн қайта суытып, 1 мамырда қар жауды. Бүгін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек халықпен кездесуінде қалада жылу қайта қосыла ма деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz 

Әкім қала тұрғындарына жылу қосылмайтынын айтты.

"Келесі аптада 20 градусқа дейін жылы болады деп күтіп отырмыз, несіне жылуды қайта қосамыз? Бір апта бұрын жылуды өшіру туралы осындай өтініштер болған. Біздегі ауа райы осындай енді", – деді әкім Алматы ауданының тұрғындарымен кездесуінде.

"Астаналықтар пәтерінде суыққа үйренуі керек пе?" деген сұраққа Қасымбек "Жоқ, үйренгенде қалай, сыртта 20 градус жылы болған кезде біз жылуды қоса алмаймыз" деп жауап берді.

Еске салайық, Астанада 19 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылды.