Оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Жамбыл облысында оқушы көшедегі әжетханада қайтыс болды
Фото: Жамбыл облысы ПД
1,066
оқылды

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылындағы мектепте қайғылы оқиға болды. Мектептің 8-сынып оқушысы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды», - делінген полиция хабарламасында.