Қазақ балабақшасына қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.
АҚШ-та тұңғыш қазақ балабақшасы ашылды
Видеодан скриншот
1,231
оқылды

Американың Калифорния штатында алғашқы қазақ балабақшасы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

АҚШ-та білім орталығын құру туралы идея отандасымыз Жанна Атабековаға тиесілі. Оның айтуынша, енді Кремний алқабында тұрып, жұмыс істейтін қандастарымыз өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңіріп, қазақ тілін үйрете алады.

Сондай-ақ балабақшаға Қазақстаннан келген иммигранттармен қатар қырғыз және америкалық отбасылар да балаларын бере алады.