Қазір оқушының жүктілік мерзімі – 27 апта.
Түркістан облысында 7-сынып оқушысы өз әкесінен жүкті болып қалған
Фото: istockphoto.com
1,268
оқылды

Түркістан облысында оқушы қыз өз әкесінен жүкті болып қалған. Қыздың анасы полицияға арыз жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz CMN.kz басылымына сілтеме жасап.

Қыздың анасы Қазығұрт ауданының полиция бөліміне арызбен жүгінген. Ол өзінің 50 жастағы күйеуін туған қызын зорлады деп күдіктенетінін айтқан.

Әйелдің айтуынша, оның күйеуі 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін қызға зорлық-зомбылық көрсеткен. Салдарынан қыз жүкті болып қалған. Қазір оқушының жүктілік мерзімі – 27 апта.

Күдікті ұсталып, қамауға алынды.