Сот отырысындағы жарыссөзде Бишімбаев екінші сотталушы, өзінің туысы Бақытжан Байжановтың кінәсі жоқ екенін айтты.
"Байжановтың еш кінәсі жоқ" – Бишімбаев
Фото Жоғарғы сот
5,142
оқылды

Сот отырысындағы жарыссөзде Бишімбаев екінші сотталушы, өзінің туысы Бақытжан Байжановтың кінәсі жоқ екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бишімбаев жарыссөзде қылмысты жасырды деп айыпталып жатқан Байжановқа қатысты да ойын айтты.

"Байжановқа келсек. Ол туралы әңгіме мүлде бөлек. Оның бұл жерде түк қатысы жоқ. Ешқандай келісім, сөзбайласу болмаған, оның кінәсі жоқ. Ол шынымен де тек менің тапсырмаларымды орындады. Мен оған (Нүкеноваға) өлім қаупі төніп тұрғанын, оның жан тапсырғанын байқамадым. Мұны Байжанов та байқаған жоқ. Біздің арамызда ешқандай келісім болған жоқ, оның кінәсі жоқ", – деді Бишімбаев.