Түркістан музыкалық драма театрында әлемдік клас­сика саналатын Уильям Шекспирдің әйгілі «Ромео мен Джульетта» спектаклі қойылмақ. Түркістан музыкалық дра­­ма театрында 4 мамыр күні болатын премьераға бай­­ланысты актерлердің қатысуымен баспасөз кон­фе­ренциясы болып өтті.
«Ромео мен Джульетта» – Түркістанда
858
оқылды

Жаңа театр репертуарына қо­сыл­­ған классикалық шығарма­ны қа­зақ тіліне аударған – Қазақ­стан­ның Халық жазушысы, мем­ле­кет және қоғам қайраткері Әбіш Ке­кіл­баев. Ал қойылым ре­­­­жиссері бір­неше халықаралық және рес­пуб­ликалық театр фестиваль­дары­ның лауреаты, 30-дан астам спектакль режиссері Дина Жұ­ма­баева. Театрдың көркемдік же­тек­шісі Шынар Омарова бұл қан­ша­ма ғасырлар бойы сахнада да, ки­нода да қойылып жүрген өл­мей­­­тін махаббат тақырыбындағы «Ромео мен Джульетта» спектак­лін көрермен қанша көрсе де, жа­лық­­пайтынын жеткізді. «3 жыл бұ­рын эксперименталды театр бо­лып ашылып, 25 жас шама­сын­да­ғы жастарды жинаған едік. Мі­не, 3 жылдың ішінде әртістеріміз та­лай тарланнан тәжірибе алып, тай күнінен бапталған жастары­мыз­дың үлкен сахнаға шығатын ке­зі келді. Сондықтан күрделі­лі­гі­не қарамай басты рөлді өзіміздің театр әртістері сомдайды. Біз клас­­­сикаға енді келіп жатырмыз, осы уа­қытқа дейін қаланың мәдение­тін қалыптастыру үшін қаншама тер төктік. Міне, енді біз де көрер­мен­ді тартуға дайынбыз, түркіс­тан­­­­дық көрермен де бізді қабыл­дау­ға дайын деген сенімдемін», – деп атап өтті Шынар Жұмаханқызы. Со­нымен бірге талай туын­ды­сы­мен халықтың сүйікті режиссеріне айналған Дина Жұмабайдың келуі үлкен мәртебе екенін де жеткізді. Дина Жұмабай осы уақытқа дейін У.Шек­спирдің «Ромео мен Джу­льет­та» спектаклін үш рет сахна­ла­ған. Әрбір қойылым стилі бір-бі­рін қайталамайды. Түркістан му­зыкалық драма театрының сах­­насында готика стилінде көр­се­тіл­мек. Режиссер махаббат та­қы­­­­рыбының жан-жақты екенін, оны шығару да өте қиын екенін ай­тады. Сондай-ақ бұл қойы­лым­да декорацияға емес, актерлерге бар күш жұмсалғанын жеткізді. Яғни, қойылымда декорация жоқ­­тың қасы, актерлердің мық­ты­лығы сыналатын сәт болмақ. 

Спектакльдің негізгі идеясы Абай­дың «Махаббатсыз – дүние бос» деген ұғымымен үндес. Басты кейіп­керлердің махаббатты бә­рі­нен биік қойып, өздерін сол жол­да құрбан етуі – соның дәлелі. Оған қоса, автор қос ғашықтың се­зі­мін қорғауда көрсеткен жан­кеш­тілігінің ежелден ерген дұш­пан­дықты да, қоғамдағы шек­теу­лерді де жеңе алатынын көрсетеді. Түркістан музыкалық драма теа-т­рының ерекшелігіне сай спек­такль­де заманауи сценография қо­л­данылады. Оған қоса, хорео-г­ра­фиялық композиция­лар­мен көр­кемдеу, жаңа әуен, таны­мал талант­тар мен жас театрдың бе­­­­делді артистерінің ерекше ойы­ны, бәрі-бәрі «жаңа театр» сти­лін­де. 

Басты рөлдерде Түркістан му­зы­калық драма театрының жас ак­терлері: Ромео – Мұзафар Ға­лым­­­­жанұлы, Данияс Нұрқабден, Джу­­льетта – Ақбөпе Жеңісбек, Нұ­рай Сайлаубаева. Сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қо­ныс­бек Бегайдаров, «Дарын» мем­­­­лекеттік жастар сыйлығының лау­реаты Медғат Өмірәлиев, ҚР мә­дениет қайраткері Зәмзәгүл Бе­гай­дарова, танымал театр және кино актері Кенжебек Башаров, «Мә­дениет саласының үздігі» төс­бел­гісінің иегері Саяжан Реал Бланко, қазақ киносының белді акт­рисалары Қарлығаш Тұр­сын­бе­кова, Жұлдыз Абдукаримова да бар. Қоюшы суретшісі – Айнұр Ес­болатова, композиторы – Нұр­сұл­тан Төреәли, хореграфы – Мә­ди­на Мұратпекова, грим бойынша суретші – Адэль Нұрқасымова, көр­кемдік жетекшісі – Шынар Омарова.

Спектакль премьерасына ар­нал­ған баспасөз конференция­сы­нан соң Түркістан музыкалық дра­ма театры ғимаратының бұры­шы­нан махаббат символы ретінде «Ромео мен Джульеттаға» арнал­ған белгінің ашылуы болды. Енді театрға келген қос ғашық осында жүрек­ше сызып, ішіне есімін жа­зып кете алады. Сонымен, спек­­­­такльге сәттілік, көрермені көп қойы­лым болсын! 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы