Олар енді Оңтүстік Кореяда 3 жыл, сондай-ақ, АҚШ-та бір жыл білім алады.
Атыраулық  оқушылар Оңтүстік Корея Президентінің білім грантын иеленді
1,281
оқылды

Атыраудағы NIS мектебінің 12-сынып оқушылары Темірлан Губашев, Мөлдір Сәлім және Айсұлтан Жұмабай SUNY Korea университетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.  

Айсұлтан мен Темірлан Оңтүстік Корея Президентінің грантын иеленіп, толықтай тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды. Олар енді Оңтүстік Кореяда 3 жыл, сондай-ақ, АҚШ-та бір жыл білім алады.

Аталған оқу орны 2024 QS World University рейтингі бойынша әлемнің үздік 400 университетінің қатарына кіреді. Сонымен қатар, Темірлан Губашев пен Сәлім Мөлдір "Constructor" University , "Luiss" University және "Drexel" университеттеріне де шақырту алды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА