21 жастағы жігітті Алматы облысының полицейлері көлік ұрлағаны үшін ұстады.
Алматыда жас жігіт есірткіге мас күйде көлік ұрлаған
534
оқылды

Күдікті Алматы-Өскемен тасжолында құрықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бағдарға сәйкес, Алматы қаласында белгісіз адам BMW автокөлігін айдап әкетіп, мегаполис шекарасынан шығып, қашып кеткен. Патрульдік полицейлер Қонаев қаласы бағытында үлкен жылдамдықпен жүріп келе жатқан ұрланған шетелдік көлікті байқап үлгерді. Қудалауды ұйымдастыра отырып, Алматы облысының тәртіп сақшылары Алматы-Өскеменнің 19-шақырымында жүргізушіні тоқтатты",  деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов.

Медициналық куәландыру көрсеткендей, ұсталған адам есірткіге мас болған. Күдіктінің автокөлікті басқару құқығын беретін қандай да бір құжаттары болмаған.

"Автокөлікті заңсыз иемдену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Биылғы жылы Алматы облысының полицейлері ұрланған 36 автокөлікті тапты. Барлығы заңды иелеріне қайтарылды. 16 факті бойынша қылмыстық іс материалдары сотқа берілді",  деді Аленов.