Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында 899 сантиметрге (қауіпті шегі – 850 см) жетті.
Батыс Қазақстанда Жайық суы тағы да ең жоғары деңгейге көтерілді
2,796
оқылды

"Қазгидромет" РМК БҚО филиалының 5 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша, Тайпақ гидробекетінде бір тәулікте су деңгейі 42 сантиметрге көтерілді, - деп жазады Aikyn.kz.

Биылғы 22 сәуірде Жайықтың деңгейі Орал қаласы тұсында 865 сантиметрге жеткен еді. Тайпақта одан 34 сантиметрге асып кетіп отыр. 

Есесіне, Жайық өзені бойындағы басқа гидробекеттерде су деңгейі түсуде. Атап айтқанда, Бәйтерек ауданы Январцев ауылында бір тәулікте 8 (800 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Орал қаласында 7 (792 см, 850 см), Көшімде 5 (813 см) сантиметрге төмендеді. Сондай-ақ Көшім каналында бірден 22 сантиметрге түсті.

Сондай-ақ Орал қаласында суға кеткен барлық саяжай техникалық тексеруден өтеді.