Атыраудағы Қарттар үйінде тұратын 73 жастағы әжей жеміске қақалып, тұншыға бастаған.
Атыраулық қария жеміске қақалып, ажал құша жаздады
821
оқылды

Қызметкерлер тез арада жедел жәрдем шақырды, - деп жазады Aikyn.kz.

«Біздің бригада оқиға орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім болды», - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз Абдрахманова.

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.