Танымал продюсер, эстрада әншісі Төреғали Төреәлінің әкесі қызы Фаризаны туған күнімен құттықтады.
Төреғалидан кейін 10 жыл күттік: Фариза Төреәлінің әкесі қызына қатысты көпшілікке беймәлім деректі айтты
1,477
оқылды

Өнерлі отбасының мүшесі, блогер Фариза Төреәлі 23 жасқа толды. Әкесі видеоқұттықтау жасау үшін арнайы Астана опера және балет театрына барған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

“Бүгін Алланың бере салғаны, Төреғали Төреәліден кейінгі қанша жыл күтіп, армандап, тілеп алған қызымның туған күні. "Жалғызды жалғыз деме, жалғасы болмас" деп жатады. Сол себепті жалғыз деп айтып көрмегенбіз. "Төреғалиға іні немесе қарындас бер" деп сұрағанбыз. Алланың қалауымен сан жылдар күткеннен кейін Фариза деген қызымыз өмірге келді. Соның алдында анамыз өмірден қайтқан. Содан "бір қайғының артынан мың қуаныш" демекші, үлкен бір қуаныш болып, көңілімізді жұбатып, Фариза перзентіміз дүние есігін ашты", – деді әкесі. 

Сондай-ақ туған күн иесі анасына да рақмет айтып, жарық дүние сыйлағаны үшін жыл сайын сыйлық беретінін көрсетті. 

“Оқушы кезімнен бастап әр туған күнімде анама сыйлық жасап тұрамын. Жарық дүние сыйлағаны үшін, тоғыз ай құрсағында көтергені үшін... Ал енді өзім ана болып оның машақатын, дүниеге бала әкелу оңай емес екенін одан әрі сезіндім. Ата-анама өмір сыйлағаны үшін рақмет айтамын", – деп жазды блогер.