ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды.
ШҚО-да қараусыз қалған 2 жасар бала суға батып кетті
Фото: istockphoto.com
773
оқылды

Ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында болған. 2022 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, Садыр көліне құлап, батып кеткен.

ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды. Балаларды су айдындарында ойнауға жібермеу қажет.