Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұл қаласында туған күніне орай өткізіледі.
Димаштың Будапешт қаласындағы  концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен адам  келді
Фото: dimashnews.com
6,109
оқылды

4 мамырда Будапештте  Stranger туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Венгрияның ең үлкен алаңы Ласло Паппа атындағы спорт аренасы адамға толы болды. Будапештке Димаштың концертін тамашалау үшін әлемнің 77 елінен адам  келді, – деп жазды dimashnews.com.

Әр елде өткізілетін Димаш шоуы халықаралық мерекеге айналып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнші жанкүйерлері қалаға алдын ала келіп, бір-бірімен танысып, дәстүрлі pre-party стилінде кездесу ұйымдастырады.

Будапешттегі концертте еуропалық авторлардың "GOLDEN" және "S. O. S D ' un TERRIEN EN DÉTRESSE" шығармалары Қытай және жапон композиторларының "battle of MEMORIES", "JUST LET it BE" және "AUTUMN STRONG" секілді туындыларымен үйлесе орындалды. 

Димаштың гастрольдік турының басты міндеттерінің бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру. "Дүрдараз" халық әні, "Адай" күйімен қатар сахнада белгілі отандық авторлар Еділжан Ғаббасовтың "FLY AWAY", Джордан Аракелян, Айгүл Бажанова мен Мұңайдар Балмолданың "Махаббат бер маған" және Димаштың інісі Әбілмансұрдың "TOGETHER" атты алғашқы композиторлық шығармалары шырқалды. Димаштың "Stranger" туры Венгриядағы әншінің жеке концертімен өз жалғасын тапты.

Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұл қаласында туған күніне орай өткізіледі.