Алматыда феминистердің заңсыз маршы өтті
Алматыда феминистердің заңсыз маршы өтті
© Сурет ғаламтордан
265
оқылды
Алматыда 8 наурызда әйелдер құқығы үшін жаппай марш өтті, шараға 60-қа жуық адам қатысты, деп хабарлайды BaigeNews.kz. Акция еліміздің феминистік топтарының белсенділері: "КазФем", "Феминита", "Фемагора", "Фемсреда" және "Свет"қоғамдық қоры ұйымдастырды. Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, олар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін осылай атап өткен. Феминистер «ЦУМ» маңындағы Арбатта кездесуді ұйымдастырып, шеру Панфилов көшесінің бойымен жоғары қарай жүрді. Олар жыл сайын Қазақстанда зорлық-зомбылықтан қаза тапқан 400 әйелді бейнелейтін жерлеу гүл шоғын ұстап, "жезөкшелік жойылсын, революция жасасын!", " Патриархат құрысын!", "Гүлді гүлзарларға, әйелдерге құқық керек!" деген ұрандар тастады. Марш әкімдікпен келісілмеген. https://www.youtube.com/watch?v=-OeLr0V7hHc&feature=emb_logo Марш қатысушыларының көпшілігі қара киінген. Олар өз шеруін "жерлеу" деп атады және оны тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арнады. Шеруді ұйымдастырушылардың мәліметтері бойынша, Қазақстанда тиран күйеулердің қолынан жыл сайын 400 әйел көз жұмады. Феминистер опера және балет театрының жанында қаза тапқан әйелдерге арналған гүлшоқтарды өртеп жіберді. Митингке қатысушылар ҚІБ бойынша қыз зорлағандарды босатпауды, жыныстық зорлықзомбылық туралы заңды қабылдауды және үйдегі зорлық-зомбылықты криминализациялауды және кінәлілерді жазалауды талап етті.