Өнер иесі 21 қалада ән турын өткізіп, 21 отбасына үй тарту етпекші.
«Келіншегімнің идеясы»: әнші Кalifarniya 21 отбасына баспана сыйлайды
Фото: instagram.com/kalifarniya
5,006
оқылды

Кalifarniya лақап атымен танымал Фархат Қалиев 8 сәуірде ел бойынша алғашқы ән турын бастайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Jambylinfo.kz-ке сілтеме жасап.

Әншінің айтуынша, алғашқы ән сапарын ерекше етіп өткізуді ұзақ ойлаған. 

"Бұл менің ең ауқымды гастрольдік сапарым болғалы тұр. Бұйырса, еліміздің 21 қаласын аралауды жоспарлап отырмын. Мен әр ән кешімде халықпен тығыз байланыс орнатқанды жақсы көремін. Сол себепті әр қаладағы тыңдармандарыма тосынсый жасағым келді", – дейді ол. 

Ал оған 21 қаладағы ән кешінде 21 отбасына баспана сыйлау идеясын жұбайы айтқан екен. 

"Келіншегім Әнелдің идеясы бұл. Басында қалай болар екен? деген ой да, жүрексіну де болды. Бірақ Алла қолдап, тыңдармандарым демеп, бұл ниетімізге жетеміз деп ойлаймын, – деді Фархат Қалиев.