Сот процесінің жалғасы 10 мамыр күні өтеді.
Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты
4,406
оқылды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев ісі бойынша кезекті сот процесі өтіп жатыр. Бүгінгі сот барысында екі айыпталушы – Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қуандық Бишімбаев бұған дейін айтқан деректерін еске салып, Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірмегенін айтты.

Сондай-ақ ол Салтанаттың және өзінің жақындарынан кешірім сұрап, алқа билер әділ шешім шығаратынына сенім білдірді.

«Мен кінәлімін. Мойындаймын. Бірақ қасақана өлтірген жоқпын», – деді Қ.Бишімбаев.

Ал Бақытжан Байжанов соттағы соңғы сөзінде Салтанаттың өлімін жасыру туралы ойламағанын, тіпті оның өлім аузында жатқанын білмегенін атап өтті.

«Иә, қызметкерлерді үйлеріне қайтарып, мейрамхананы жауып, бейнежазбаларды өшіруді бұйырғанымды жасырмаймын. Бірақ мен сол кезде ауыр қылмыс жасалғанын білдім бе? Ант етемін. Білмедім. Егер білгенде қылмысты жасыру әрекеттерінің ешқайсысын жасамайтын едім. Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын!», – деді Байжанов.

Сот процесінің жалғасы 10 мамыр күні өтеді.