Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде төмен температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометрлердің бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді.
28 градус ыстық, жаңбыр, бұршақ: 7-9 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay.com
4,228
оқылды

"Қазгидромет" РМК 7-9 мамырға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы күндері Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңірлеріне қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылу әкеледі. Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде төмен температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометрлердің бағандары 20-28 градус жылыны көрсетеді.

Бірақ батыс аймақтарда ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, алдымен оңтүстік циклонымен жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін. Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклонының енуімен жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының айтарлықтай төмендейді.