Еңістен төмен түсіп келе жатқанда бала рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған.
Бурабайда 16 жастағы оқушы экскурсия кезінде көз жұмды
Фото: Президент Іс басқармасы
1,256
оқылды

Бурабай курортында 16 жастағы жасөспірім қайғылы қазаға ұшырады. Астаналық оқушы экскурсия кезінде қаза болғаны хабарланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

5 мамырда курорт аймағына Астанадан он сегіз оқушы келгені хабарланды. Олардың екеуі велосипед жалдап, серуендеуге шыққан. Еңістен төмен түсіп келе жатқанда бала рөлге ие бола алмай, ағашқа соғылған. Алған жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қаза тапты.

Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетуге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, велосипедті жалға алған кәмелетке толмаған бала ағашқа соғылғаны анықталды. Ол оқиға орнында алған жарақатынан қаза тапты. Қазіргі уақытта сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр", – деп хабарлады Ақмола облысының Полиция департаменті.