Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуі 10 жыл бойы азаптағанын мәлімдеді: СІМ жауап берді
906
оқылды

Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты шұғыл елге қайтарылатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі әйелін соққыға жыққанын жазған болатын. Оның айтуынша, қазақстандық дипломат жұбайының әпкесіне де қол көтерген.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияр болған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады. Ол қызметінен босатылады», – деді ол.