Бірақ батыс аймақтарда ауа райы құбылмалы болады.
Күн жылиды: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
2,904
оқылды

Қазгидромет 7-9 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы күндері Өзбекстан аудандарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық өңіріне қысқа мерзімді, бірақ көптен күткен жылуды әкеледі. Республиканың солтүстігі мен шығысының жекелеген аудандарында түнде төмен температура сақталатынына қарамастан, 9 мамырға дейін күндізгі уақытта термометрлердің бағаны 20-28 градус жылыны көрсетеді.

Бірақ батыс аймақтарда ауа райы құбылмалы болады. Алдымен оңтүстік циклонымен жаңбыр, найзағай және бұршақ жаууы мүмкін. Циклоннан кейін солтүстік-батыс антициклонының енуінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы айтарлықтай төмендейді.