Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естеліктерімен бөлісті.
"Рейхстагқа 8 сағат бойы жер бауырлап жеткен": Рақымжан Қошқарбаевтың қызы әкесі 19 жасында ерлік жасағанын айтты
Фото: baribar.kz
15,923
оқылды

Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың қызы Әлия Қошқарбаева әкесі туралы естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы батырдың қызы "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz .

Әлия Қошқарбаеваның айтуынша, әкесі Рейхстагқа ту тіккенін ерлік деп санамаған.

"Ол соғыс жайлы көп айта бермейтін. Әкемнің Рейхстагқа алғашқы болып Ту тіккен қазақ екеніне мақтанамын»", - дейді Әлия Қошқарбаева.

Рақымжан Қошқарбаев рейхстагқа ту тіккенде 19 жаста болған. 

"Менің жолым болды дейтін. 19 жаста ерлік жасады. Қазіргі балалар не ойлайды? Батырлықты ойламайды ғой.

30 сәуірде Рейхстагқа ту тіккенде тірі қалған Григорий Болатов екеуміз деп айтатын. Жан-жақтан атқылаған оқтан аман қалу өте қиын. 8 сағат бойы бас көтермей, жер бауырлап Рейхстагқа жеткен. Сол кезде 400 метр жерге бас көтермей жеткенде екі адам ғана тірі қалған ғой", - деді Әлия Қошқарбаева.

Бұған дейін "Қазақ – батырлығын дәлелдеген халық" екені туралы жазған болатынбыз.