Левит те Олимпиадаға барады
Левит те Олимпиадаға барады
© Сурет ғаламтордан
316
оқылды
Қазақстандық боксшы Василий Левит Амманда алғашқы жекпе-жекте Олимпиада лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды  Olympic.kz. Ол жарысты бірден 91 келіге дейінгі салмақтың ширек финалынан бастады. Оған қарсы рингке Тәжікстан командасының өкілі Давлат Болтаев шықты. Василий джебпен белсенді жұмыс істей отырып, рингтің ортасын басып алды. Давлат мұндай соққылардан қорғана жүріп ұрысуға мәжбүр болды. Бұл оған жақындауға және шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді. Екінші раундта Левит қарқынын үдетіп, сериялық соққылармен жұмыс істей бастады. Болтаев өз кезегінде Василийдің шабуылына төтеп бере алмағанмен, өз ырғағын сақтап қалуға тырысты. Алайда қазақстандықтың алдыңғы қолмен жасаған соққылары нысанаға дөп тиюмен болды. Үшінші раундта да жағдай өзгерген жоқ. Левит таза және сенімді жеңіске жетті. Осылайша, ол жартылай финалға шығып, 2020 жылғы олимпиадаға жолдама алды. Сонымен қатар, 8 наурыз күні Абылайхан Жүсіпов (69 келіге дейін) және Бекзад Нұрдәулетов (81 келіге дейін) лицензия ұтып алды.