Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты.
Алматы облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Фото: inbusiness.kz
685
оқылды

Қайғылы оқиға 8 мамырда Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 41 шақырымында болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы облысы ПД хабарлауынша, Mitsubishi Lancer жүргізушісі рульге ие болмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысуға жол берді. Соқтығысу салдарынан Nissan Cefiro инерция бойынша жолдың шетінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5 көліктеріне соғылды.

Оқиға орнында Nissan Cefiro жүргізушісі, Mitsubishi Lancer жүргізушісі және оның жолаушысы қаза тапты.

Жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс тіркелді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.