Жазғы саяхаттағы жоспар туралы ойлайтын кез де келді. Google Flights 2024 жылы жазғы демалысын шетелде өткізетіндер үшін ең танымал қалалардың рейтингін жасады.
Биыл жазда қай елге барған дұрыс: әлемнің үздік 20 демалыс орны
www.istockphoto.com
3,431
оқылды

Тізімді 1 маусым мен 31 тамыз аралығындағы демалыс үшін АҚШ саяхатшылары Google Flights арқылы жасаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл негізінен танымал және жылдағы үздік бағыттар, бірақ олардың арасында биыл бірнеше күтпеген демалыс орны да бар.

Сонымен 2024 жылдың жазындағы ең танымал бағыт Лондон болды. Ал Париж, яғни Жазғы Олимпиада ойындары өтетін жер тізімде тек екінші орында тұр.

Оған қоса саяхат кезінде қаржыны қалай үнемдеу керегі туралы біздің  материалдан оқыңыз!

Токио 2023 жылы аталмыш рейтингте сегізінші орында тұрған, биыл үшінші орынға дейін көтерілді.

Рим туристер арасында ең танымал төртінші қала болып шықты. Бестікті Нью-Йорк түйіндеді.

Мексикадағы Канкун қаласы былтыр екінші орын алған еді. 2024 жылы танымалдылығын жоғалтып, алтыншы орынға төмендеді.

Орландо, Лас-Вегас пен Сиэтл тиісінше жетінші, сегізінші және тоғызыншы орынға тұрақтады.

Ең жақсы демалыс орындарының ондығын Афина қорытындылады. Себебі Грекия – осы жазда саяхатшылардың сұранысқа ие үлкен жері.

Жаздың ыстық айларында АҚШ-та тұруға ыңғайлы басқа орындардың арасында: Лос-Анджелес, Майами, Гонолулу, Денвер, Форт-Лодердейл мен Бостон қаласы бар.

Мадрид пен Сан-Хуан (Пуэрто-Рико) сәйкесінше, 18 және 20-шы орындарға еніп, алғаш рет үздік 20-лыққа енді.

Google Flights мәліметтері бойынша, 2024 жылдың ең үздік жазғы демалыс орындары:
  1. Лондон
  2. Париж
  3. Токио
  4. Рим
  5. Нью Йорк
  6. Канкун
  7. Орландо
  8. Лас Вегас
  9. Сиэтлде
  10. Афина, Греция
  11. Лос-Анджелес
  12. Майами
  13. Барселона
  14. Дублин
  15. Форт-Лодердейл
  16. Гонолулу
  17. Денвер
  18. Мадрид
  19. Бостон
  20. Сан-Хуан, Пуэрто-Рико.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.