Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде-дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ, солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.
Бұршақ, жаңбыр, жел: 9 мамырға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: Pixabay
2,956
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 9 мамырда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, елдің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек республиканың қиыр солтүстігі мен шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, оңтүстігінде-дауыл, солтүстік-батысында, солтүстігінде бұршақ, солтүстік-батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының батысында және шөлді аудандарында, Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі, Қызылорда облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.