Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Атырауда әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз қамауға алынды
Фото: gov.kz
1,495
оқылды

Атырауда әскери бөлімнен қару алып шыққан сарбаз қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атырау облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, ұсталған сарбаз уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы әскери бөлімнен қару алып шыққан мерзімді қызметтегі сарбазға қатысты қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.