Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Фукуокада (Жапония) өтіп жатқан ITF W75 турнирінің бірінші айналымынан сүрінбей өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бірінші кезеңде ол үндістандық Рутуя Боселді ұтты. Есеп – 7:5, 6:3.
Айта кетелік, Зарина Дияс жарақатына байланысты 2022 жылдан бері әлемдік жарыстарға қатысқан жоқ.
Ол үзіліс қарсаңында «Ролан Гаррос» турнирінде бақ сынап, ресейлік Анастасия Гасановаға есе жіберген болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан табасыз.