Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт өмірге оралып, бүгінде марқұм болған барша ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Олжас Бектенов Халық Қаһарманы  Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Фото: primeminister.kz
565
оқылды

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Жеңіс күнін мерекелеу аясында Рейхстагқа ту тіккен Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт өмірге оралып, бүгінде марқұм болған барша ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

«Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста қазақстандықтар да теңдессіз ерлік пен ерен еңбектің даңқты үлгісін көрсетті. Ұлы Жеңіс қаһармандарының арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт елде өмір сүріп, кемел болашаққа нық сеніммен қадам басып отыр.

Айбынды батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов секілді басқа да көптеген отандастарымыздың майдан даласындағы ерліктеріне мәңгі тағзым етеміз. Халқымыз туған жерімізді қорғап қалған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін әрдайым ұлықтай бермек.

Баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын!», — деді Олжас Бектенов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.