20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған.
Түркістан облысында қораптың ішінен сәбидің мәйіті табылды
Фото: Pyxabay.com
875
оқылды

Белгісіз адам нәрестені облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, белгісіз адам ай-күні жетілмей туған сәбиді №2 облыстық перинаталдық орталыққа тастап кеткен. 20-21 апталық қыздың өлі денесі қорапшада болған. 

«Оқиға 7 мамыр күні сағат 21:00 шамасында болды. Нәресте табылған соң бірден полиция қызметкерлері шақырылды. Оқиға болған жер тексеріліп, сот-медициналық сараптамаға тағайындалды», – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.