Қазір жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Самара-Шымкент тасжолында апат салдарынан 3 адам қаза тапты
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі
872
оқылды

Самара-Шымкент тасжолының Ырғыз ауылы маңында апаты болды. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қайғылы оқиға 9 мамыр күні болған. Самара-Шымкент тасжолында ВАЗ автокөлігі мен бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлікте Ырғыз ауданының тұрғындары болса, жүк көлігін шетелдік азамат тізгіндеген.

– Апат салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы қайтыс болды. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады, – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.