Министр бұл мәселеге қатысты арнайы комиссия құрылғанын атап өтті.
Су тасқыны: Құжаты жоқ мал иелері өтемақыны қалай алады?
Фото: ТЖД баспасөз қызметі
926
оқылды

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров су тасқыны кезінде өлген малының құжаты болмаған жағдайда азаматтарға өтемақы қалай төленетінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Министр бұл мәселеге қатысты арнайы комиссия құрылғанын атап өтті. Ал малына құжаты барлардың шығыны бюджеттен өтеледі.

– Енді малына қағаз құжаты болмаса, тіркелмесе, алгортимде 3 куәгер болуы керек" деп жазылған. Олар – көршілер, учаскелік полиция инспекторы, ауылдық округтің әкімі. Олардың бәрі дәлелдейді. Нәтижесінде (мал шығынының) құжатын толтырады да қорлар немесе демеушілер, компаниялар есебінен (мал шығыны) өтеледі. Мысалы, бүгінде Қарағанды облысы барлығын демеушілер есебінен жауып тастады. Сол сияқты Ақтөбе, Қостанай облыстары жұмысты жүргізіп жатыр, – деді Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.