Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінде чемпиондық атағын қор­ғаудан бас тартты.
Рыбакина титулын қорғай алмады
1,092
оқылды

Елена Рыбакина бүгін екінші айна­лым­­да дүниежүзілік рейтингіде 161-орын­да тұрған румыниялық Ирина Бе­гумен ойнауы керек еді. Теннисшінің ауы­рып қалғанының себебінен бұл ойын­да франциялық Осеан Доден ба­ғын сынап көрді. Осылайша, жерле­сі­міз Римде чемпиондық атағына қоса өт­кен жылғы рейтингілік ұпайынан айы­рылды.

«Биыл Рим турниріне қатысудан бас тартуыма байланысты өкініш біл­ді­­­ремін. Жарысу үшін өзімді жайлы се­зіне алмай тұрмын. Чемпиондық ата­ғымды қайтару үшін келер жылды кү­темін», – деп түсіндірді спортшы.

Сонымен қатар Қазақстанның ер­лер арасында бірінші, әлемнің 17-ра­кеткасы Александр Бублик Рим WTA 1000 турнирінде жекелей сында жеңіліп қалды. Ол екінші айналымдағы бастап­қы кездесуінде күтпеген жерден рей­тин­гіде 53-сатыдағы португалиялық Ну­ну Боржешке есе жіберді – 4:6, 4:6.