Талдықорғанда аналарға «Алтын жүрек» медалі табысталды
Талдықорғанда аналарға «Алтын жүрек» медалі табысталды
© Сурет Талдықорған қ әкімдігінен
278
оқылды
Талдықорғанда үш анаға жасөспірімдерге білім беру және өнегелі ұрпақ тәрбиелеуге сіңірген ерекше еңбегі үшін арнайы «Алтын жүрек» медалі табысталды, деп хабарлайды TINFO.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Атап айтсақ, бұл жолғы мәртебелі марапатқа «Айналайын» балалар үйінің директоры Жадыра Сейсембаева, білікті тәрбиеші Майра Бейісбекова және үнемі қайырымдылық шараларына атсалысып жүрген іскер ана Айман Тәліпова ие болды. Табысталған марапатты беру шешіміне Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант, Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Бақытжан Ертаевтың қолы қойылған.
Қала әкімдігінде өткен марапаттау салтанатына Алматы облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Ғалиасқар Сарыбаев, қалалық мәслихаттың хатшысы Темірболат Ахажанов, қала әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділет Рымтайұлы және аймақтағы Ауған соғысы ардагерлері кеңесінің төрағалары қатысты.