Желі қолданушылары әншіні қолдап, түрлі пікір қалдырған.
«Қайтыс болды»: әнші Жазира Байырбекова өзі туралы жалған ақпарат таратқандарға қандай шара қолданатынын айтты
Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova
9,463
оқылды

Әнші Жазира Байырбекова өзі туралы жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Әнші оны өшіруге бір күн уақыт беретінін айтты.

“Менің суретімді қойып, "Жазира былай деді" деп, біресе "Жазира қайтыс болды" деп, біресе қылмыскердің суретімен бірге монтаж жасап, өтірік ақпарат таратып жатқан парақшаларды, сайттарды сотқа береміз деп шештік. 1 күн уақыт береміз өшіруге. Менің инстадостарыма өтініш. Мен туралы жалған ақпарат таратып жатқандарды көріп қалсаңыздар, сіздер де ескерте жүріңіздерші оларға”, – деп жазды өнер иесі. 

Желі қолданушылары әншіні қолдап, түрлі пікір қалдырған.