Әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Алматы әуежайында полиция екі ресейлікті ұшақтан түсіріп алды
4,162
оқылды

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері акт бойынша Алматы-Дубай бағытындағы әуе рейсінен екі жолаушыны түсіріп алды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицейлер тексеру кезінде 24 және 25 жастағы Ресей Федерациясының екі азаматшасын анықтады. Олар ұшаққа отырғызу кезінде масаң күйде болып, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ұсталған азаматшаларда орташа дәрежелі алкогольдік масаңдық анықталды. Құқық бұзушылар алкогольдік ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін жауапкершілікке тартылып, әрқайсысына 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Еске салайық, осы жылдың басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасағаны үшін 30 871 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгені үшін – 2 339.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.