Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов төрт әйел алуды жоспарлап жүргенін айтып, ерлерді көп әйел алуға шақырды.
Әр еркек көп әйел алғысы келеді, оның ішінде мен де бармын –  әнші Рүстем Жүгінісов
2,369
оқылды

Әншіге Instagram парақшасында оқырмандардың бірі “Қанша әйел алуға ниеттісіз?” деген сауал қойған. Оның сөзінше, Қазақстандағы әр ер адам көп әйелге ниетті,   деп жазады Aikyn.kz.

"Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы бір әйелім жетеді деп жүргендер. Көп әйел алуға әлі дайын емеспін деп ойлап жүргендер де бар шығар. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді", – деді ол.