Қаражат 10 мамырда "Қазақстан халқына" қорының шотына түсті.
Сербия Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына миллион еуро бөлді
716
оқылды

Сербия үкіметі Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда үй салу үшін 1 миллион еуро бөлді,- деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бұл үлес ынтымақтастық деңгейін және шетелдік донорлардың біздің қызметімізге деген сенімін, көмекті бөлу кезіндегі ашықтығын көрсетеді", - деп хабарлады"Қазақстан халқына" қоры.

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.