Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі марқұм криминалист болып жұмыс істегенін, өлер алдында
жыл сайынғы еңбек демалысында болғаны жөнінде ақпарат таратты.
Қостанай облысында демалыста жүрген полиция қызметкерін өлтіріп кетті
809
оқылды

10 мамырда Ұзынкөл ауылында өз үйінің ауласынан аудандық полиция бөлімі қызметкерінің денесі табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

- Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, - деп атап өтті Қостанай облысы ПД.

Сотқа дейінгі тергеу барысы Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.